Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Белсенді оқушылар белесі

Белсенді оқушылар белесі

Өткен аптада №36 Ә.Тәжі­баев атындағы мектеп-ли­цей­­дің бас­тауыш сынып оқушыларын «Бала­лар жылы» аясында рес­публикалық «Жас Ұлан» ба­лалар мен жасөспі­рімдер ұйымы қатарына қабыл­дау өткізілді.

«Ұланымыз – ұлы елдің» тақыры­бында ұйымдастырылған іс-шараға мек­теп-лицей директоры Үміт Жұмабаева, аудық оқушылар үйінің хатшысы Нұрила Сакиева, ұстаздар мен оқушылар қа­тыс­ты.

Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Гимн шырқалды. Бұдан ке­йін «Жас ұлан» қатарына қосылушы оқу­шылар ант берді. Үздік және белсенді оқу­шыларға көк галстук пен төсбелгі та­ғылды.


– «Жас Ұлан» балалар мен жасөс­пі­рімдер ұйымының қатарына қосылған оқушыларды құттықтаймын! Ең тиімді ин­вестиция балаға берілген білім екені рас. Бүгінде 17 бастауыш сыныптан оқу­шылар ізгілікті іс-шараға қатысып отыр. Олар өздерінің тәртібімен, үлгілі болуымен осы ұйым қатарына қосылуда. Жас ұрпақтың болашағына зор үмітпен қараймыз. Шәкірттеріміз жоғар­ы табысқа қол жеткізе берсін, – деді мектеп-лицей директоры Үміт Жұмабаева.


Айта кетейік, алдағы уақытта таным­дық іс-шара барлық білім ошағын­да жал­ғасын табады. Аудан бо­йынша 115 бала «Жас Ұлан» қатарына қосылмақ.




Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
17 мамыр 2022 ж. 474 0