Саяси жүйені жетілдіру бастамасы
Маңызды мәлімдемеде Ел Президенті Жаңа Қазақстан құру жолындағы жаңа бастама ретінде Ата Заңның үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Ол үшін бүкіл халық болып референдум арқылы дауыс беру маңызды.
Конституция президенттік жүйені нығайтуға емес, мемлекетті жетілдіруге бағытталмақ. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Констуцияның негізгі баптары түбегейлі өзгеріп, халықтың мүддесі бірінші орынға қойылады. Яғни адам құқығы басты назарға алынады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатындығын жеткізді. Әрине, адам құқықтарының Заң жүзінде қорғалуы саяси реформалардың бастауы деп білеміз. Қай кезде де мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауы тиіс. Елдің дамуы жолында адами құндылықтар басты назарда болады. Бұл ретте, еліміз бойынша өлім жазасы мүлдем жойылатындығына қуаныштымыз.
Шын мәнінде Президенттің сөзінен мемлекеттің алдында екінші республиканы құру мақсаты тұрғанын айқын аңғардық. Сондықтан болашағымыздың жарқын болуы мақсатында енгізілетін жаңа өзгерістер әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартады деген сенімдеміз. Жаңа Қазақстанды бірге құруға өз үлесімізді қосайық!
Жандос ӘБУБӘКІРОВ,
аудандық Қоғамдық кеңес хатшысы
аудандық Қоғамдық кеңес хатшысы