Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы

Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеу жасаған болатын. Елімізде алдағы күндері тарихи және маңызды сәттер орын алмақ. Өйткені бір айдан кейін ел халқы референдумға қатысады. Еліміздің азаматтары болашақ үшін дауыс беріп, жаңа кезеңге аяқ басады. Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы тұтастай ел келешегін қалыптастырамыз. Ата Заңымыз – мемлекеттің бас құжаты. Басты құжаттың ерекшілігі мемлекетті жаңғырту, жетілдіру, нығайту жолында жұмыс жасайтын болады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатындығын жеткізді. Әрине, адам құқықтарының Заң жүзінде қорғалуы саяси реформалардың бастауы деп білеміз. Қай кезде мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасауы тиіс. Елдің дамуы жолында адами құндылықтар басты назарда болады. Бұл ретте, еліміз бойынша өлім жазасы мүлдем жойылатындығына қуаныштымыз. Халық – мемлекеттің негізгі бөлшегі. Сондықтан барлық мәселеден көпшілік хабардар болғаны жөн.


Ақтөре Ибрагимұлы,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
05 мамыр 2022 ж. 527 0