Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттегі саяси жүйені түбегейлі өзгерту үшін Ата Заңымызға енгізілетін толықтыруларды жалпыхалықтық референдумда талқылау туралы ұсыныс білдірді. Соған байланысты бүгін бейнеүндеу жасады.
Мемлекет басшысы «Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшеміз. Бұл сапалы түрде өзгеруді «Екінші Республика» деп атауға болады. Жұмыс тобы Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірледі. Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы өзгерістерді енгізу туралы Заң жобасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберілді, жақын арада шешімін шығарады» деді. Осыған байланысты өзгертулер мен толықтырулар халық талқысына түспек.
Әрине, Конституцияның жаңа заман талаптарына сай өзгертілуі керек-ақ. Өйткені «Жаңа Қазақстан» құру үшін жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшуіміз қажет. Бұл тұста референдумның өтуі өте маңызды. Сол арқылы қазақстандықтар пікірлерін еркін білдіріп, демократиялық бастамаға үн қосады. Оның мемлекетті өркендетуге ықпалы зор.
Бүгінде еліміз үлкен өзгерістің алдында тұр. Сондықтан жалпыхалықтық референдумға ұлт болып жауапкершілікпен, болашаққа деген зор сеніммен атсалысайық!

Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі