Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан қысымы: дертке шалдыққандар қатары көп

Қан қысымы: дертке шалдыққандар қатары көп

Қоғамда барлық адамның бойынан денсаулығына бай­ланысты кінәрат пайда болуы бек мүмкін. Бүгінде сан түр­лі дертпен күресіп жүрген жандарды емхана дәлізі­нен жиі кезіктіресіз. Расында дертті болудың машақаты көп. Әлем бойынша адам өліміне әкеп соқтыратын дерт­тің бірі қан қысымы екені ғылы­ми тұрғыдан дәлелден­ген. Бүгінде қан қысымының жоғарылауы немесе тө­мендеуінен екі адамнің бірі зардап шегуде.

Дәрі-дәрмегін жанынан таста­май­тын көпшілік қан қысымы дер­тімен күресуде. Негізінен, оңалту ор­та­­лы­ғына баратын науқастың басым көп­шілігі – «инфарк» пен «инсульт» дер­тіне шалдыққан жандар. Ауру жас тал­ғамайды. Жылдар бойы таяққа сү­йеніп, өмірі үшін күресетін олардың ерік-жігері мықты. Жас пен жасамыс «артериалды гипертензия» диагнозы бойынша үне­мі дәрігер бақылауында болады. Мәсе­лен, аудан көлемінде 3196 адам осы диагноз бойынша дәрі­гер­лік есепте тұрады. Ал «инфарк» алған науқастың саны 24-ті құраса, «инсульттен» оңалтуға тиісті жандар 22-ні көрсетіп отыр.

Қан қысымының қалыпты көрсет­кі­ші 120/80 болады. Бұл көрсеткіштен жоғарылаған жағдайда шұғыл дәрі­гер­­ге көріну керек. Жалпы тонометр тілі 140/90, 150/100, 160/110, 170/120, 180/130 көрсеткен жағдайда нау­­­қас «артериалды гипертензияға» шалдығады. Үшінші санатпен науқас­танған жандарға қауіптілік жоғары. Сондықтан қан қысымы дертімен кү­ре­судің жолы саламатты өмір салтын ұстану болып табылады. Әркез тамақтану режимін, спортпен айналысу дағдысын қалыптастырған жөн.


– Емханаға келген емделушілер ара­­сында қан қысымы дертімен сыр­қаттанған жандар жеткілікті. Аудан тұрғындары арасында осы дертпен ауы­­ратын жандарға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Дәрігерлер тарапынан үй жағ­­дайында да науқастарды тексеруден өткізу жоспарланған. Көк­тем-жаз мезгілінде қан қысымы кө­те­рілген жандар жиі шағымданады. Мұн­дай кезде күнделікті ішетін дәрілері ауыс­­­­­тырылып отырады. Сонымен бір­­­­ге жоспарлы түрде ауруханаға нау­қасты жатқызу көзделген. Көп­шілік арасында дәрігерге көрін­бей, дертін асқындырып алатын жандар баршылық. Қандай жағдай болмасын әрбір адам денсау­лығына бей-жай қарамауы тиіс. Осы орайда жыл басынан ауыл тұр­ғын­дарының денсаулығына жаппай тексеру жүргізілуде, – дейді дәрігер Мәншүк Сейпулова.


Күнделікті кент көшелерінде жаяу серуен­дейтін Қайрат Пірімбетов ден­сау­лығын оңалту үшін барын салып ке­­­­леді. Ол күніне 10-15 шақырым жол жүріп, дой­бы, теннис ойнағанды жөн көреді. Бір­­­­­­­неше жыл бұрын дертті бол­ған жан көп­­шілікке саламатты өмір салтын ұс­тану керектігін айтады. Со­ның нәтижесінде денсаулығы дұ­рыс­талған. Кү­­тім жасалғанда ғана ден­сау­лық мықты болмақ.




Балтабай ОРДАБЕКОВ
14 мамыр 2022 ж. 358 0