Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Аудандық жоба жалғасын тапты

Аудандық жоба жалғасын тапты

Айтулы жоба аясындағы сайыс №135 А.Тоқ­мағамбетов атындағы орта мектепте де өткізілді. Оқушылар аталған байқауға үлкен ынтамен қатысты. С.Мұратбековтың «Жа­­байы алма», Б.Момышұлының «Ұш­қан ұя» шығармаларын жата жастанып оқы­ған оқушы­лардың сайыстың шешуші кезе­ңін­дегі екпін­дері ерекше болды.

Балалар өздері оқып шыққан кітап турасында пікірлері мен алған әсерлерін эссе түрінде жазды. Сондай-ақ шығарма төңірегіндегі сұ­рақ­тарға жауап берді. Ақын атын иемденген ауылдың білім ордасында өткен іс-шараға Жазушылар одағының мүшесі Елубай Әуезов пен ұйымдастырушылар қатысып, әділ төрелік ет­ті.

Сайыс қорытындысы бойынша 8-10 сынып­тар арасында Бауыржан Момышұлының «Ұш­қан ұя» шығармасын оқу бойынша бас жүл­дені Торғын Камаладинова жеңіп алды. Жүл­делі І орынды Дінмұхаммед Әбжанов қанжы­ға­сына байласа, ІІ орын Жансая Рүстем­бе­коваға бұйырды. ІІІ орынды Қадіржан Тілепберген ие­леніп, ұстаздарының мерейін үстем етті.

Сондай-ақ 5-7 сынып оқушылары арасында Сайын Мұратбековтың «Жабайы ал­ма» шығармасын оқып, эссе жазған және сұрақ­тарға мүдірмей жауап берген Ақәділ Пернебаев бас жүлдені еншіледі. І орынды Саян Бұхарбай жеңіп алса, ІІ орын Жанбике Асхатқызына, жүлделі ІІІ орын Нариман Бауыржанұлына бұ­йырды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған үздіктерді әділ қазылар марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сайыс соңында сөз алған мектеп директоры Нұрлан Құрманалиев оқушылардың уа­қытын тиімді пайдаланып, білімге бастар жо­баның ұйымдастырушыларына, ауыл балаларын ынталандырып, демеушілік жасаған кә­сіпкер Азамат Сқақовқа алғысын айтты. Айта кетейік, ауқымды сайысқа оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлнар Тәжімұратова, Меруерт Дүйсенбаева, Жазира Ахметова дайындаған.




Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
12 мамыр 2022 ж. 530 0