Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сотта борышкелер туралы мәселе қаралды

Аудандық сотта борышкелер туралы мәселе қаралды

Сырдария аудандық сотында сот төрағасы Р.Алдамбергеновтың төрағалық етуімен "Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушының қаулысын соттың санкциялауы" тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы К.Десятниченко, орынбасары Ж.Оспанов, жеке сот орындаушы Ж. Тұңғышбаев және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында төраға Р.Алдамбергенов сот орындаушы заң талаптарына сәйкес борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулыны борышкер уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін сотқа санкциялауға жіберу керек екенін түсіндірді. Сот орындаушы қаулыны санкциялау туралы сотқа жібергенде борышкерге сот актісін орындау туралы хабарламаны жолдаумен ғана шектелетінін, борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қолдану туралы хабарланбайтынын және қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған уәждер мен негіздер жазылу қажет екендігін атап өтті.

Төраға Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешімдерін,үкімдері мен өзге де қаулыларының Респубиканың бүкіл аумағына міндетті күші бар екенін,яғни соттың заңды күшіне енген актілері орындалуға міндетті екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, сот төрағасы семинар сабағын өткізудің мақсаты-азаматтық, әкімшілік,қылмыстық істер бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауының салдарын анықтау болып табылады деді.

Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты.






Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

05 мамыр 2022 ж. 475 0