Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметке қарызсыз ба?

Үкіметке қарызсыз ба?

Кеше, яғни 2 қазаннан бастап ацудандық прокуратура, полиция бөлімі және сот орындаушының ұйымдастыруымен  «Борышкер»  рейдті басталды.
Бұл профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты –  аудан көлемінде салынған әкімшілік айыппұлдарды өз еркімен төлеуден жалтарып жүрген азаматтардан пәрменді шараларды қолдану арқылы мәжбүрлі түрде  өндірту жұмыстарын жандандыру және салынған әкімшілік айыппұлды  үкімет бюджетіне өндіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес, әкімшілік  жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап,  отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда  осы Кодекстің 894-бабына сай айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
Іс-шара барысында 3 млн теңгеден астам айыппұлдарды өндіру жоспарлануда. Аудан орталығында 4 мобильді топ жұмыс атқаруда. Рейд барысында қарыздары бар  жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен  автокөліктері анықталған жағдайда  мемлекеттік белгілері алынуда.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу  шаралары қолданылуда. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша шет елдерге  шығуға, мүліктеріне шектеу қою сияқты жұмыстар жүргізіледі. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған 50 проценттік жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімінен кешіктірмей төлеулеріңізді сұраймыз.
Әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары 10-қазанға дейін жалғасады.
Сырдария аудандық прокуратурасы

 
03 қазан 2019 ж. 566 0