Қызылорда облысы халқының МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесін өзектендіру туралы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі біздің өмірімізге түбегейлі аяқ басты. Міне, екі жылдан астам уақыттан бері МӘМС өзінің негізгі миссиясын – халықтың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруда. Айта кетейін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі барлық азаматтар үшін қолжетімді. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
МӘМС жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіріп отырған бірінші үлкен мәселе - өңіріміздегі сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының әлі де жоғары болуы. Республика бойынша 19 млн тұрғынның 15 млн астамы, яғни 83% cақтандырылған. Ал Қызылорда облысы бойынша 806 мың тұрғынның тек 670 мыңдайы (82%) сақтандыру мәртебесіне ие болып отыр. Негізгі меже бойынша 2021 жылдың соңына дейін облыс тұрғындарының 85% толық сақтандырылу қажеттілігі қойылған болатын, алайда орындалмады.
2022 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша аймақта МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар саны 133 491 адамды құрап, медициналық көмекті толыққанды алу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Сақтандырылмаған халықтың әлеуметтік портреті қандай? Олардың көпшілігі, 88 135 адам (66,0%) – соңғы 12 айда аударымдар мен жарналарды аудармағандар, 20 231 адам (15,2%) – құқықтық келісім шарт негізінде жұмыс жасайтындар, 12 462 адам (9,3%) - әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, 3 514 адам (2,6%) - жеке кәсіпкерлер, 4 267 (3,2%) - бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер және 3 010 адам (2,3%) – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, 1 872 (1,4%) - басқа санаттағы адамдар.
Аудандар бойынша жағдай мынадай:
Арал ауданында, егер 2021 жылғы 01 қаңтарында 11 589 сақтандырылмаған тұрғын болса, ағымдағы жылдың 01 сәуірінде - 11 221 адам. Осы аралықта сақтандыру мәртебесін 368 адам алды.
Қазалы ауданында осындай кезеңде 01 қаңтарда 13 063, ал 01 сәуірде 12 035 сақтандырылмаған адам болған, осы кезең ішінде 1 028 тұрғын сақтандыру мәртебесін алған.
Қармақшы ауданында егер жыл басында 4 886 сақтандырылмаған азамат болса, 01 сәуірде соның 194-і ғана сақтандыру мәртебесін алды.
Байқоңыр қаласында 14 383 адам сақтандырылмаған, 1 сәуірге қарай олардың саны 1 053 адамға азайды.
Жалағаш ауданында ағымдағы жылдың қаңтар айында 5 691 сақтандырылмаған тұрғын болса, сәуірде олардың саны 207 адамға азайды.
Сырдария ауданында жыл басында 5 478 тұрғының сақтандыру мәртебесі болмаған, қазір мұнда 5 262 сақтандырылмаған, яғни 216 адам ғана сақтандырылған.
Шиелі ауданында МӘМС жүйесінен тыс 11 978 адам болды, олардың саны 547 адамға азайды.
Жаңақорған ауданында жыл басында 12 570 тұрғын сақтандырылмаған болған, оның ішінде 1 сәуірге қарай 565 адам сақтандыру мәртебесін алды.
Облыс орталығында жыл басында 61 836 сақтандырылмаған тұрғын болды, соның ішінде бүгінгі күні 3 805 МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қол жеткізді, яғни 58 031 адам сақтандырылмаған.Сақтандырылмаған азаматтар үлесінің 93,1% - ында соңғы 12 айда төлем жасамағандар және жалдамалы жұмысшылар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша еңбек ететін қызметкерлер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер. Осыған байланысты, әкімдіктер, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, өңірдегі мемлекеттік кірістер департаменті МӘМС үшін жарналарды уақтылы және тұрақты төлеудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.
Сондай-ақ, тиісті құзырлы органдар келесі өзекті мәселелерге ерекше назар аударуы қажет:
- Жұмыс берушілер мен жұмысшыларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін аударымдар мен жарналардың тұрақсыз төлемдері;
- Жұмысшылардың еңбек демалысына шыққан немесе науқастануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын ашқан уақыттарында
жарналарды жұмыс берушілердің дұрыс есептемеуі;
- Қала, аудан, ауыл әкімдіктер соңғы 12 айда МӘМС жарналарын төлемегендер мен басқа да жұмыссыз азаматтарды бірінші кезекте жұмыспен қамтуды үйлестіру қажет, ең болмаса БЖТ төлетуді тереңірек түсіндіру керек.
Бұл мәселелер облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тұрақты бақылауында. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында өткен МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін өңірлік штабтың соңғы отырысының қорытындысы бойынша барлық тиісті басқармаларға азаматтардың мәртебесін өзектендіруді күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Айта кетейін, өңірлік штабтың отырысы тоқсан сайын өтеді.
Биыл өңір халқын МӘМС-пен қамту бойынша Жол картасы бекітілді. Қала және аудан әкімдіктеріне «МӘМС жүйесіне тарту» жұмыс тобын құру, белсенді емес халықты БЖТ үздіксіз төлемдеріне тарту тапсырылды. Сонымен қатар, тиісті басқармаларға мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне МӘМС-ға жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу туралы тапсырмалар берілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Медициналық мекемелерге жүгінген пациенттердің сақтандырылмаған мәртебесі анықталуына байланысты, МӘМС жүйесіндегі медқызметтерге қол жеткізе алмайтын жағдайлар біршама кездесіп тұратыны жасырын емес. Бұл мәселе жарналарды мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санатына жататын кейбір азаматтарға да қатысты болуы мүмкін екенін атап өту қажет.
Анықтама: Азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін жарналарды мемлекет төлейді. Қызылорда облысы бойынша бүгінде осы санатқа жататын 470 мыңнан астам тұрғын бар (өңір халқының жалпы санының 60% - ы).
Сонымен қатар, азаматтардың жеңілдікті санаттары «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы мен Қордың АIKEY СRМ ақпараттық жүйесі арқылы "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесінде уақытша (бір айға) сақтандыру мәртебесін ала алады.
Мысалы, жұмыс істемейтін жүкті әйелді емханадағы жүкті әйелдерді тіркейтін ақпараттық жүйесінде жұмыссыз жүкті әйел деп есепке алынып, 1 айдан кейін ғана тұрақты сақтандырылған мәртебеге ие болады. Алайда, ол уақытқа дейін МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ болған жағдайда, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшада «Жеңілдік санатына уақытша мәртебе беру» батырмасына өтіп, мәртебесін, аймағын, ЖСН-ді көрсетіп, жеңілдік санатын растайтын құжаттың тіркеп АIKEY СRМ ақпараттық жүйесіне жолдайды. Содан кейін біздің сарапшылар жүктілікті растайтын анықтамалардың негізінде "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесінде бір айға уақытша мәртебе береді. 1 ай өткеннен кейін емханадағы жүкті әйелдерді тіркейтін ақпараттық жүйе мен "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесінің арасында интеграцияболып тұрақты сақтандыру мәртебесіне ие болады.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері аймақтың жоғарыда айтылған ақпараттық жүйелердегі алгоритмі бойынша 250-ге жуық тұрғын уақытша сақтандыру мәртебесін алды.
Сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы да алуға болады. Атап айтқанда, Заңның 5-бабының 3-1-бөлімінің талабына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үш ай қатарынан төлеген жағдайда, үшінші айында ғана сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. Ары қарай БЖТ төлемін тұрақты төлеп отыру қажет. БЖТ-нің көлемі – республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін- 1 АЕК (3063 теңге), ал аудандық өңірлер үшін – 0,5 АЕК (1531,5 теңге) құрайды.
Естеріңізге сала кетейін, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан ай сайын 2% мөлшерінде жарна ұсталады. Егер жұмыскердің жалақы мөлшері 10 ЕТЖ (1 ЕТЖ осы жылы 60 мың теңгені, 60 000 х 10 = 600 000 теңгені құрайды) жоғары болса, онда жарналарға тек осы сома ғана салық салынады және ең жоғары сома 12 000 теңгені құрайды.
Жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3% - ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 18 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3% - і болып саналады.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 2022 жылға 4 200 теңгені немесе 1,4 АЕК-нің 5% - тін құрады.
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2022 жылы өзгеріп, 3 000 теңгені (1 ең төменгі жалақының 5%) құрады.
Сіз жарналарды төлеу екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.), медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы аудара аласыз.
Анықтама: Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 30,4 млрд. теңге аударды, оның 19,8 млрд. теңгесі (65,1%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 10,6 млрд. теңге (34,9%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
Сонымен қатар, Қордың 1406 сall орталығы, «SaqtandyruBot» Telegram-бот, Қордың fms.kz сайты мен «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын қолдана отырып, медициналық көмек туралы кеңес ала алады, дәрігерлерге немесе медициналық ұйымдарға алғыс және шағым білдіре алады, МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істеуге қатысты ұсыныстармен бөлісе алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры
Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов
Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов