Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін таңдаймыз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.
Осыған орай бүгін Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары С.Ерімбет, аудандық әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаев, аудандық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Б.Ордабаевтың қатысуымен Асқар ауылының тұрғындарына "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, толық ақпарат берілді. Ауыл тұрғындары сұрақ жауап арқылы біраз мәліметтер алып және МӘМС жүйесін таңдайтындарын айтты.