Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері 40 градусқа дейін күн ысиды

Алдағы күндері 40 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстанда 30-31 мамыр күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, ең қатты қолайсыз ауа райы батыс өңірлерге әсер етеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нөсер жауын, бұршақ және қатты жел күтіледі.


Елдің басқа аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз ауа температурасы батыста +20…+25°C, солтүстік, шығыс және орталықта +23…+38°C, оңтүстікте +30…+40°C дейін көтеріледі.
Бұған дейін 2027 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін жазған едік.

Фото: Magnific
29 мамыр 2026 ж. 182 0