Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық ұйымдарға 49,63 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Медициналық ұйымдарға 49,63 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 49,63 млрд. теңге төленді. Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

49,63 млрд теңгенің 38,96 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 10,67 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 56 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасалды, оның ішінде – 29 мемлекеттік медициналық ұйым, 27 - жеке меншік.

Барлығы 60,9 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 44,3 млрд теңге (72,7%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,3%) МӘМС қаржысы құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
27 қараша 2020 ж. 575 0