Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық ұйымдарға 54,69 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Медициналық ұйымдарға 54,69 млрд теңгеден астам қаржы төленді

«Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойын­ша медициналық ұйымдарына 54,69 млрд теңге төленді. Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін меди­циналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов.

54,69 млрд теңгенің 36,96 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көле­міне берілген, 17,73 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 55 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім-шарт жасалды, оның ішінде – 28 мемлекеттік медициналық ұйым, 27 – жеке меншік.
Барлығы 60,9 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 44,3 млрд теңге (72,7%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,3%) МӘМС қаржысы құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
24 қазан 2020 ж. 640 0