Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамның ұйытқысы – табысты әйел

Қоғамның ұйытқысы – табысты әйел

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданынан түлеп ұшып, бүгінде өңірімізде жауапты қызмет атқарып жүрген және өз саласы бойынша ұзақ жылдар абыроймен қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан әйелдер қауымын қабылдады.

- Бүгінде әйелдердің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы таңсық емес. Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосуда. Олар өздерін білім беру, медициналық қызмет көрсету және басқа салаларынан бөлек, кәсіпкерлік саласында да белсенді жұмыс атқарып келеді. Нәзік жандылар жұмыспен қатар отбасы шаруасын да қатар алып, жанұяның ұйытқысы болуда-деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Кездесу соңында «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмагүл Божанова, Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік саясатты жүзеге асыру шарасының негізгі мақсатына тоқталып, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді.




Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі


22 сәуір 2022 ж. 515 0