Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бейнет түбі – зейнет

Бейнет түбі – зейнет

Аудан əкімі Мұрат Ергешбаев «Шиелі Жарығы» ЖШС Сырдария филиалының директоры Шəріпжан Ерімбетовті құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Аудан басшысы ауданның дамуына елеулі үлес қосып, электр желілері саласында 46 жыл тынымсыз еңбек еткен Ш.Ерімбетовтың ел игілігі үшін атқарған жұмыстарын атап өтті.

– Ардақты азаматтың өміржолы өздеріңізге жақсы таныс. Сырдария ауданының тумасы Қызылорда, Алматы қалаларында білім алып, электр жүйелері мен желілерінің инженер – электригі мамандығын игерген. Электр желілері саласында алғашқы еңбек жолын бастап, содан бері осы саланың дамуына үлес қосуда. Тереңөзек электр желілері мекемесінде жауапты қызметтерде болып, 1998 жылдан «АСАР» серіктестігінде, 2007 жылдан бүгінге дейін «Шиелі Жарығы» серіктестігінің Сырдария филиалының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Саладағы ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде Шәріпжан Ерімбетов «Құрметті энергетик» атанып, көптеген марапаттарға ие болды. Электр желілері саласында еңбек ете жүріп сырдариялық азамат 2012-2016 жылдары Сырдария аудандық маслихатының V шақырылым депутаты ретінде сайланып, қоғам өміріне де белсене атсалысты. Абзал азаматтың ауданның дамуына қосқан үлесі зор. Алдағы уақытта да қоғам өмірінде белсенділік танытады деген сенімдемін, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Аудан басшысы Шәріпжан Сұлтанұлын «Құрмет грамотасымен» марапаттап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, еңбек ардагері Нұрлан Оразбеков сөз сөйлеп, құрметке бөленген азаматтың елге атқарған жұмыстарын атап көрсетті.

Өз кезегінде Ш.Ерімбетов аудан әкіміне және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.



Ердос БЕРКІНБАЕВ
12 маусым 2021 ж. 682 0