Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

Аудандық білім бөлімінің ұйым­дастыруымен «Балалар жылы» аясында №36 Ә.Тәжі­баев атын­дағы мектеп-ли­цейде «Бүгін­гі ұрпақ – ел бола­шағы» тақырыбында өнер фестивалі өтті. Салтанатты іс-шараға ауданға қарасты білім ошақ­тарынан келген өнерпаз балалар қатысты.

Балалар шығармашылығын дамыту мақ­са­­тында жүзеге асқан іс-шарада жас өнер­паздар ән айтып, би биледі. Домбырамен күм­бірлете күй шертті. Өз кезегінде биші өрен­дердің «Вальс», «Рок-н-ролл», «Танец с тросточкой», «Қа­зақ», «Кербез» биі көп­шілік көңілі­нен шықты. Сонымен бірге бал­ғын ән­ші­лердің орындауындағы «Туған өл­кем», «Сайра, бұлбұлым», «Домбыра туралы баллада», «Тәуелсіз қазақтың қызы­мын», «Әке-ана», «Туған жер», «Бақытты бала», «Ме­ре­ке­ле­рі­ңіз­бен» ән­дері тыңдарман жүрегінен жол тапты. Ал «Әке толғауы» күйі ерекше те­бі­реніс сый­лады.

– «Балалар жылы» аясында ілкімді істер аудан көлемінде жүзеге асуда. Мектеп оқу­шыларының шығармашылық әлеуетін дамытуда өнер фести­вальдерін өткізудің маңызы зор. Үлкен сахнаға шыққан балалар қабілетін барынша шыңдай түседі. Көпшілік көңілінен шыққан кеште жас өрендер зор қоше­метке бөленді. Бастауыш сынып оқу­шылары арасында алдағы уақытта жекелеген жобалар жү­зеге асады, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіс­кері Алуа Нұрабаева.

Айта кетейік, өнер фестиваліне белсенді қа­тысқан балаларға кітаптар табыс етілді.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
02 сәуір 2022 ж. 358 0