Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАЛДЫҚ ЖОЛЫНДА

АДАЛДЫҚ ЖОЛЫНДА

Бүгін №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі базасында "Адал ұрпақ – Мәңгілік елдің болашағы" атты аудандық адалдық клубына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Суюбаева, бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы А.Ізбасарова және сала мамандары мен құрметті қонақтар қатысты. Алғаш құттықтау сөзін алған Димаш Серікбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал, жас ұрпақтың өсіп келе жатқандығы қуанарлық дүние екенін жеткізді.  "Адал ұрпақ" клубының ұйымдастырған шараларына белсене қатысқан қыз-жігіттерді марапаттады.
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір, асыл мұраты. Сондықтан ұстаз алдындағы әр шәкірт ата-анаға ғана емес, туған елінің арқа сүйер азаматы – адал ұрпағы, өз ұлтының туын көтерер перзенті екені баршаға аян.
Жиылған қонақтар алдында ауданға қарасты мектептерден келген 50-ге тарта оқушы ант беріп, болашақта әрқашан адал  болуға сөз етті. Мұнымен қоса, мектеп қабырғасында наурыз айынан бері адалдық дүкені жұмыс жасап келеді. Айта кету керек, бұл клуб өз жұмысын 2018 жылдан бері жалғастырып келеді.   

МАЙЯ ҚОЖАБАЙ

29 мамыр 2019 ж. 888 0