Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауды сотқа дейін реттеу тиімділігі

Дауды сотқа дейін реттеу тиімділігі

Сырдария аудандық сотының ұйымдас­тыруымен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) Сырдария ауданындағы филиалы ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Оған аудан прокурорының міндетін атқарушы Н.Қаратаев, «Атамекен» ҰКП-ның Сырдария ауданындағы филиал директоры Е.Абдикеров, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Д.Әлшеров, аудандық билер кеңесінің мүшесі К.Мұстафаев, адвокат Қ.Жаппасбаева, Сырдария ауданы бойынша жеке сот орындаушы Ж.Тұңғышбаев қатысты.
Аудандық соттың төрағасы Руслан Алдам­бергенов өзінің алғы сөзінде кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдде­лерін қорғау мәселелерінде белсенді өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан пилоттық жобаларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Кездесудің мақсаты – «Соттағы татуласу рәсімдері», еңбек, сақтандыру, банктік дау­лардың және көпшілік қарым-қатынастан туындайтын даулардың алдын-алу бойын­ша пилоттық жобалардың бағыттарын ке­ңей­ту, азаматтарға, кәсіпкерлерге даудың бейбіт жолмен шешудің тиімді жақтарын барынша түсіндіріп отыру. «Атамекен» ҰКП-ы кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің арасындағы жалғаушы көпір деуге де болады, сондықтан келген азаматтарды, кәсіпкерлерді толғандырып, шешімін таппай жүрген сұрақ­тарына қиындықсыз жауап алып отыру үшін, «Атамекен» ҰКП ғимаратынан құқықтық кабинет ашуға, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру үшін өзара әрекеттесу алгоритмін дайындауға ұсыныс білдіремін, – деп апат өтті сот төрағасы.
Аудандық сот судьясы Асылхан Мизанбаев дауларды шешудің балама институттарына басымдық беру, аудан бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заң­ды мүдделерін қорғауда «Атамекен» ҰКП-ы билер кеңесімен, медиаторлармен тығыз жұмыс жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Тараптар талқыланған барлық мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу соңында ау­дан­дық сот пен «Атамекен» ҰКП өкілдері биз­несті қорғауға бағытталған бірлескен іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастыруға ке­лісті.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
09 маусым 2020 ж. 997 0