Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ


Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, нарықта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бар. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап еткен болатын.
Осы ретте, жақында аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында қабылдау өтті. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Қожанов пен аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының төрағасы Ерлан Әбдікеров қатысты.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін мемлекетіміз алдағы уақытта көптеген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырмақ. Жоспар бойынша, шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы – орта тапты нығайту қажеттілігі күн санап артуда және бұл жолда көптеген мәселелер шешімін табуда. Жалпы, алдағы уақытта Қазақстан шағын және орта бизнес арқылы бәсекеге төтеп беріп, ел экономикасын шарықтата алуы тиіс. Бұл мемлекеттің негізгі мақсаты болып табылады. Шара соңында кәсіпкерлер тарапынан көптеген сауалдар қойылып, несие алу мен олардың жолдары және құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
27 тамыз 2018 ж. 1 033 0