Сыр елім

Әйгерімнің арманы – қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынова апасындай жыр падишасы атану.
Сыр елім
Таңның арай шуағына малынған,
Жаратылған әсем ән мен жырдан.
Сыр елім – ежелден тарих шаһары,
Мекендеген сақ-ғұндар, ата-бабам.
Сырлы өлкем, жырлы өлкем, айбыным,
Өнер мен әдебиеттің айдыны.
Мекендеген бұл киелі аймақты,
Ақын-жырау, батырларым әйгілі.
Сыр-Ана, бар қазаққа мақтан болған,
Әулие, зиялылар мұнда болған.
Қазағым Тәуелсіз ел болсыншы деп,
Бұл жерде талай батыр атқа қонған.
Бұл дала топырағының киесін,
Бір көргеннен ғашық бола, сүйесің.
Сыр-Ананың мәртебесін көтерген,
Өнер, талант, дарындылар іргесі.
Сыр мекені теңдесі жоқ байтақ жер!
Осы жерде туған талай атпал ер!
Ұлы дала киесіне шаттана
Бақыттымын және оны паш етем!
Жайқалған ақ күріші ұл-қызыңдай –
Сыр елім, ғазиз мекен, ай, шіркін-ай!
Өнер мен өнегесі жыр торабы,
Шарықта жүректегі өлең-жырдай!
Әйгерім Совет,
№37 мектеп-лицейдің
9-сынып оқушысы