Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар ағаға арнау

Мұхтар ағаға арнау

Мұратова Шырын 2006 жылы 21 қазанда дүниеге келген. Бос уақытында шығармашылықпен ай­на­­­­­лы­­сып, өлең жазғанды ұна­тады. 2012 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған, қазіргі таңда 9-сыныпта оқиды. Осыған дейін көптеген шығармашылық байқау­­ларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Алға қойған мақсаты – Мұхтар Сақтаповтай танымал ақын, журналист болу.

Мұхтар ағаға арнау
(М.Сақтаповқа)
Дарытқан қанатты сөз, қасиетін,
Ол – дана, шәкірттері бас иетін.
Шабыттанып арнаймын өз сөзімді,
Көркем сөз жазу – менің қасиетім.

Мұхтар аға, сөзіңіз дара болды,
Жақсылықтан қаланған қамал болды.
Ойып алар орны бар, асыл сөзің,
Көп жанның жүрегіне пана болды.

Дәлелдедің еліңнің тектілігін,
Бізге үлгі сөз саптау ептілігің,
Ізбасар жолын қуған сіздей жанның,
Сан ақын, сан жыршылар келді бүгін.

Жаратқан жолыңызды берсін бізге,
Жетейік сізге ұқсап зор белеске.
Бақыт деген жүректің түбіндегі,
Жырменен жеткізілген сөз емес пе?

Мақала да жаздыңыз, әр салада,
Мақтан болған Мұхтар ағам, Сыр анама.
Адалдықтың арнасы әрбір сөзің
Қостыңыз жылы лебіз сөз басына.

Өзіңе жақсылықтар сөз үйгенмін,
Жинаған адалдықтың асыл кенін.
Дарыған бұл дарыным нағашыдан,
Немересі болам мен Сүлейменнің.


Шырын Мұратова,
№37 мектеп-лицейдің
9-сынып оқушысы
19 ақпан 2022 ж. 397 0