Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Егемендігімізді сақтап қалайық!

Егемендігімізді сақтап қалайық!

Барыс жылы қазақ елі үшін біршама қиындықтарымен басталды. Бейбіт күннің қадірін ұғынғын ел халқы тыныштықты қалайды. Қаншама мемлекеттік маңызы бар нысандар бүлініп,шығын көлемі артты. Жазықсыз жандар оққа ұшып, бақилыққа аттанғаны жүрегімізге ауырлық тигізді. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзған бүлікшілер тиісті жазасын алса дейміз.

Сындарлы сәтте құқық қорғау саласының мамандары ерік-жігерін байқатып, егемендігімізді сақтап қалды. Жан қиярлық батыл қадамдары құптарлық жағдай. Бейбіт күннің бастырларын мақтан тұтамыз. Әрбір отбасының қайғысына ортақпын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында құқық қорғау саласының мамандарының жалақысын көтеруді ұсынды. Қиын-қыстау уақытта қажырлы қайратымен тәртіп сақшылары ел қорғаны атанды. Мұндай уақытта ел азаматтарына қолдау көрсетілуі тиіс.

Ел ішінде дүрбелең тумас үшін бірлікті сақтауымыз қажет. Аға буын өкілдері жастарға ақылын айтып, жарқын болашақты қалыптастыруға жол ашуы керек. Осылайша, ел басына түскен қиындықты еңсереміз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына қатысты нақты тапсырмалар берді. Әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарының ашылуы – жас буынның сапалы білім алуына зор мүмкіндік. Сонымен бірге, техникалық мамандықтарға грант саны көбейтіліп, бітіруші түлектерге жағдай жасалады. Алдағы уақытта ірі кәсіпорындар мен заводтарда қазақтың қаракөз балалары жұмыс жасайтын болады.

Осындай сындарлы кезеңде нұротандық партияластар болып Мемлекет басшысының айналасына топтасып, әрбір бастаған ісіне демеу боламыз. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Айнұр Әлиева,
«Құндызды» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектеп директоры
15 қаңтар 2022 ж. 389 0