Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҮЛТІКСІЗ ҚЫЗМЕТ, ӘСКЕРИ АЙБЫН

МҮЛТІКСІЗ ҚЫЗМЕТ, ӘСКЕРИ АЙБЫН

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар тапсыру барысында салтанатты шараның Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өтуінің мәні зор екенін айтты. Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен қорғаныс саласының аса маңызды екеніне тоқталды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре оты­рып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технология­­ны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Жақында ғана өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы – соның айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырларының ерліктері туралы да айтты.
– Сіздердің бейбіт күндегі ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Сондықтан бүгін біз мінсіз әскери қызметімен, ерен ерлігімен дараланған азаматтарды марапаттау үшін жиналып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты шарада Қазақстан Президенті әске­ри және құқық қорғау саласы қызметкерлерін І дәрежелі, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Құрмет» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен ма­ра­­паттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мара­пат­талушыларға мінсіз қызметі үшін алғысын біл­діріп, оларға зор денсаулық, отбасыларына береке, табыс тіледі.
07 мамыр 2019 ж. 1 042 0