Елді бірлікке шақырамыз
Еліміздің барлық аймағында жаппай тәртіпсіздік орын алып, келеңсіз оқиларға тап болды. Тәуелсіздік жылдары еліміздің жарқын болашағы қалыптасып, мемлекеттік құрылымдар жасақталды. Азаттықтың қадірін түсіне білген көпшілік қауым абдырап қалғаны рас.
Республика көлемінде қалыптасқан жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұтымды шешімдер қабылдай білді. Сонымен бірге атқарушы билік өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Бейбіт халықтың амандығы бірінші орында. Төтенше жағдай режимін бұзбай, жергілікті тұрғындар тәртіпке бағынғаны абзал. Шын мәнінде, көпшілік араңдатушылыққа ермей, азаматтық позициясында қалуы тиіс. Ел ішіне іріткі салуға оқталғандардың жолына тосқауыл қоюуымыз керек. Бұл ретте, Ұжымдық қауіпсіздік келісім туралы шарт ұйымының әскерін көмекке шақырылғаны құптарлық жағдай. Сындарлы сәтте барлық жағынан көмек пен қолдау көрсеткен, тілегі бір өзге мемлекеттерге айтар алғысымыз шексіз.
Қазіргі таңда республика аумағында әлі де лаңкестермен күрес жалғасуда. Теріс пиғылды қылмыскерлерді
ұстау операциясы күштік құрылым өкілдерімен үздіксіз жүргізілуде. Жағдайдың бәрі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенінен хабардармыз. Бұл біздің көңіліміздегі қауіп пен үрейді сейілтеді.
ұстау операциясы күштік құрылым өкілдерімен үздіксіз жүргізілуде. Жағдайдың бәрі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенінен хабардармыз. Бұл біздің көңіліміздегі қауіп пен үрейді сейілтеді.
Ынтамағы жарасқан қазақ елі қиындықты бірлікпен еңсереді. Жаппай бүлік кезінде залал келтірілген мемлекеттік, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың қайта жұмыс істеуін күш салуымыз керек. Күшіміз – бірлікте екенін көрсетіп, мемлекетімізді сақтап қалайық! Жақындарынан қапыда айырылып қалған отбасылармен біргеміз. Бейбіт күнде оққа ұшқан азаматтарымызды Алла панасына алсын!
Марат ОМАРОВ,
аудандық қоғамдық
кеңес төрағасы
аудандық қоғамдық
кеңес төрағасы