Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіпке бағын жасыңнан

Тәртіпке бағын жасыңнан

Кең байтақ қазақ даласы талай тарихи кезеңді бастан кешірді. Ата-бабаларымыз осы жермізді ақ найзаның ұшымен, алты алаштың ынтымақты күшімен сақтап қалды!

Бүгінгі таңда, елімізде орыналып отырған жағдай баршаңызға белгілі. Осы орайда, ел арасындағы алып-қашпа сөздер мен халықты арандатушы топтардың әрекетінен сақ болайық!

Жастарымызды Қазақ елінің саналы да, сапалы азаматы болуға шақырамын! «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар» дейді дана халқымыз. Елімізде болып жатқан ахуал баршамызды алаңдатады. Осындай қиын-қыстау кезде барлығымыз бірлігімізді көрсетіп, ел іргесі тыныш болуына атсалысайық!

Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз! Оны көздің қарашығындай қорғау бәріміздің міндетіміз!
Ел іші тыныш болсын!
Нұрдаулет АМАНКЕЛДІҰЛЫ,
аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы
13 қаңтар 2022 ж. 394 0