Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Ел ертеңі – есірткісіз болашақ. Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа, яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда ел үшін құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.

Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын ағаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады. Атап айтар кетер болсақ, М. Жұмабаевтың өлеңіне тоқтала кетсем, яғни
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін – деп бүгінгі өскелең жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз.

Халық жастарға сенеді. Ал сол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Дегенмен бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі ел ертеңі болар жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Бүгінгі болашақ жастарымыз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Бір сәт ойланып көрейікші қазіргі жастарды не қызықтырады?

Елбасымыздың Халыққа жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыр делінген яғни ел ертеңі болар келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны келер ұрпаққа жеткізу осы болашақ жастардың қолында. Бірақ та осы жастарымыз дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жастарымыз саны күннен - күнге өсуде. Неге келешек жастарымыз денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі және кім кінәлі?

Әрине бұған әр адам өзі кінәлі. Себебі, біз келешегімізді ешқашан ойламай қаламыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін әсіресе жат нәрселерден аулақ болғанымыз жөн. Енді оларға не жататынына келер болсақ: темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Енді осы ішімдіктердің орнына қымыз бен қымыран ішу, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүру.

Ел боламын десең, бесігіңді түзе,- дегендей, еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің ертеңі болатын болашақ жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,- деп жастарғ

а зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтау, болашақ жастардың қолында.
Еліміздің ертеңі болар жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!
Зейнеп Тойлыбай, 
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы 
13 қараша 2020 ж. 566 0