Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алладан ел тыныштығын сұрайық

Алладан ел тыныштығын сұрайық

"Қыстың қамын, жаз ойла" деген қазақ бабамның: Қысынан аман есен шыққан едік. Енді қазағымның жаңа күнмен қауышамыз деп отырғанда "Апат айтып келмейді" мына індет жайлап алды.
Әрине, ешкім күтпеді, беймарал тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жасалған шабуылдай боп келді. Алайда, "Қазақ елі осындай!" дегендей бұл сынақтанда бір жұдырықтай еңсеретініміз анық. Күнделікті мән бермейтін құндылықтарға бір уақыт көңіл бөлдік, аста-төк дүниелерден тиылдық оның өзі олжа!
"Қайырымдылық – қайырымды іс" дегенді ту еткен пейілі жомарт азаматтар осы кезде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолынан келгенше көмегін көрсетуде. "Азаматына қарап, ауылын таны" демекші, ауылының атын шығарып жүрген сіздей азаматтармен біз мақтанамыз! Жақсының жақсылығының айту парызым! Алла разы болсын! Әрине, бұл басы да, соңы да емес!
Айтайын дегенім, елімізде орын алып жатқан жағдайды ескере отырып, барлық талаптарды сақтайық, Алладан елдің тыныштығын сұрайық ол соншалықты қиын емес шығар!
Сосын, маған көмек келмеді, мемлекеттен берілетін қаржыны алмадым дегендерге, сабыр сақтап: "Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады" дегенді ұмытпауды сұраймын. Әлі ақ, қалтаңыз қампайып, қарныңыз майланады. Тек, сол күнге жеткізсін.

Cәуле Сыздықова, 
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының маманы 
12 сәуір 2020 ж. 765 0