Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Үйде бол!

Атажұрт, елім, кем едік біздер кімдерден,
Халқымыз тыныш, өз бетінше күн көрген.
Шыдайық бірге болып жатқан сынаққа,
Өттік қой қанша, бұдан да қиын күндерден.
 
Айтамыз сөзді жан-жақтан хабар білгесін,
Бұл жаман індет аулаққа салсын іргесін.
Бүгін-ертең бітеді деп жүргенде – 
Жақыныңа зияны тиіп жүрмесін.
 
Тыңдамай жүріп, уақыт өтсе кеш дерсің, 
Тигізіп жанға батырып айтса дос дерсің.
Сенбестік қылып мән бермей жүріп ақыры,
Көбейіп кетіп дес бермей кетсе не істерсің.
 
Үиден шықпай өз ойыңды шыңдап қой,
Тартіпке бағын, айтқандарын тыңдап қой.
Іштері пысып, зерігіп жатыр көбісі,
Өзіңді ойла, денсаулық деген қымбат қой.
 
Жүргендер көп қой ештеңе жоқ қаперде,
Бүкіл әлем дүрлікпейді бекерге.
Ақ халатты дәрігерлер шырылдап,
Өз өмірін тігіп жатыр қатерге.
 
Үйден шықсаң, бетпердеңді тастама,
Ауруды әкеп берерсің білмей басқаға.
Кімнің ауру-сау екенін білмейсің,
Жан-жағыңа қарайсың қорқып-жасқана.
 
Ажыратып жақсы мен жаман арасын,
Көбейтпейік көшеде адам қарасын.
Аллаға шүкір, кетеді бәрі біріксек,
Ұрпақтардың қуаныш кернеп санасын.
 
Карантин болды, оны дұрыс құптаймыз,
Сонда-дағы жұрт көңілін жықпаймыз.
Ел тынысы бара жатыр тарылып,
Бір кісідей соны неге ұқпаймыз?!
 
Жүргейсің байқап, тазалық сақтап жолыңда,
Бәленің бәрі табылған ошақ орында
Жақсылап сақтан, ертеңгі күнге қам жаса
Өз тағдырың тұрған кезде қолыңда!

Байрон Есенбай
06 мамыр 2020 ж. 319 0