Халыққа керегі – бірлік

Сағат сайын теледидардан беріліп жатқан нақты ақпараттар елге бүлік салушылардың әрекеттерін көрсетуде. Бүлінген жер мен өртке оранған ғимараттар, автокөліктер саны артып, ауруханалар жарақат алғандарға толды. Әрине, жағдай өте қиын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Үндеуінде кінәлілер мен террористік әрекетке барғандар жазаланатынын айтты. Адам өмірі – бәрінен қымбат. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіргендер мен мемлекеттің мүлкіне зиян келтіргендер міндетті түрде заң алдында жауап беретін болады.
Қазір тұрғындарға шыдамдылық пен ауызбірлік ауадай қажет. Өйткені барлық қиындықты татулық, тұрақтылық еңсереді. Ел ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері елге басу айтқаны жөн. Арандатушылардың жетегінде кетпей, елді бірлікке шақыру маңызды. Әсіресе әйелдер қауымы, аналар үйде жас балаларына ие болып отыруы керек. Сонда ғана бәрі қалыпқа түспек.
Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
«Сырдария ауданының
әйелдері» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы
«Сырдария ауданының
әйелдері» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы