Көңілімізге үміт сыйлады
Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған телевизиялық Үндеуінде айтқан сөзі. Расында да қазір босаңсуға болмайды. Керісінше жауапкершілікті терең сезініп, ортақ іске жұмылатын уақыт келді.
Ел Президенті өз Үндеуінде жағдайдың қиын екенін айтты. Қалыптасқан күрделі ахуал тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Сондай-ақ кесел салдарынан күйселіске түскен ел азаматтарына жем беріп, жақсы күндердің алда екенін жеткізді. Бұл миллиондаған көңілдерге шуақты үміт сыйлады.
«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді» деді Мемлекет басшысы. Бұл әділетті шешім.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап жасаған Үндеуінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Мұның бәрі ең алдымен халықты аса қауіпті індеттен аман сақтап қалу үшін жасалып жатыр. Сондықтан, осынау сын сағатта бәрімізге тастай жұмылып, алапат індетке қарсы бірігіп күресуден басқа амал жоқ.
Кеңесбай Әбенов,
еңбек ардагері