Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік басты құндылығымыз

Тәуелсіздік басты құндылығымыз

Биыл Тәуелсіздік алғанымызға – 30 жыл. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, кейінгі ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Отыз жыл ішінде Қазақстан шекарасын шегендеп, өз алдына дербес зайырлы ел атанды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі, болашақ ұрпақтың несібесі.

1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында жан-жақты баяндап, кеңінен тоқталды.

Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, бейбітшілік пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иеміз. Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін Тәуелсіздік күні алға қарай тағы да берік сеніммен қадам басамыз. Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгіге желбірей беретіне күмән жоқ. Өйткені, қазақ деп соғар жүрегімен әрбір Алаш баласының жұмылатын тұсы, ешбір таусылмайтын ісі де осы Тәуелсіздік болуы тиіс.

Тәуелсіз еліміз өркендей берсін, ал біздер - нұротандықтар, еліміздің алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылуына өз үлесімізді адал еңбегімізбен қоса береміз!

Еркебұлан ЖАҚЫП,
аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары
14 желтоқсан 2021 ж. 327 0