Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елбасы мақаласы – елдіктің айнасы

Елбасы мақаласы – елдіктің айнасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендікке арналған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы өткен күндерді шолып, Тәуелсіздіктің отыз жылында атқарылған істерге тоқталады.

Халыққа өз ризашылығын білдірді. Елбасы мақалада назарды алдымен арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде түрік аталарымыздың аласапыран замандарына бұрып, Ұлы далада ұлыс құрғанын атап өткен. Дегенмен дәуір алмасты, заман өзгерді. Ашаршылық, Сталиндік репрессия ұлтымызға өз әсерін тигізбей кеткен жоқ. Осындай болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрған халқым неткен төзімді деп толғанады. Иә, Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық. Мақаланың мәйегі де, дәйегі де осы. Аталмыш мақала қазақ халқының қиындықтарды еңсеріп, әлем елдері алдында мықты ел болуға өзіндік орны бар екенін көз жеткізеді. Болашақ ұрпаққа тек білімді болуға, бабалар аңсап кеткен Тәуелсіздігімізді сақтауға үн қосады.

Марат БИСЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты
08 желтоқсан 2021 ж. 775 0