Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Білім саласының майталманы "Дара жолда"

Білім саласының майталманы "Дара жолда"

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай №129 Ә. Жәмішев атындағы мектеп-лицейде «Дара жол» шығармашылық кеші өтті. Кештің қадірлі қонағы «Еңбек ардагері» медалі мен «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, білім саласының майталманы Баян Сүюбаева болды.

Іс-шараға білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков, ардагер-ұстаздар, мектеп-лицей мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысты.

Өнегелі өмір иесі Б.Сүюбаева қызмет еткен жылдарынан естелік айтып, ауданның білім саласындағы толағай жетістіктері туралы айтты. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметті абыроймен атқарған ардагер-ұстаздың дара жолынан сыр шертілді. Шығармашылық іс-шарадан оқушылар үлкен тәлім тәрбие алды.
09 желтоқсан 2021 ж. 374 0