Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әзілкештер сайысы

Әзілкештер сайысы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай Те­реңөзек кенті клубының ұйымдастыруымен «Біз – Тәуел­сіз елдің ертеңі» тақырыбында мектеп оқушы­лары арасында жайдарман са­йысы өткізілді.
Ұлық мерекеге арналған жайдарман сайысында 4 топ бақ сынады. «Жалын», «Қыдық таймс», «Бір түрлі», «Қанат бренд» топтары «Сәлемдесу», «Бес жаңалық», «Сұрақ-жауап» кезеңдерінде өзара мықтыны анықтады.
– Еліміздегі пандемияға байланысты мерекелік іс-ша­ралар көптеп өткізілмеуде. Өткен жылы аудан көлемін­де мектеп лигасы уақытша жұмысын тоқтатты. Жас жай­дарманшылардың қабілетін шыңдау, сапалы әзілдерді ойната білу мәселелері алдыңғы орында тұр. Бүгінгі жай­дарман сайысында жаңадан шыққан жас ойыншыларды байқадық. Алдағы уақытта олармен тығыз байланыс орнатып, тың жобаларды жүзеге асыру ойда бар. Ең бастысы, жастарға тәрбиелік мәні зор әзілдерді ойнауға кеңес берер едім, – дейді әділ қазылар алқасының мү­шесі Нұржан Сейтжанов.
Сайыс қорытындысында белсендігімен көзге түскен топтар орындарды өзара бөлісті. Сонымен бірге, «Үздік ойыншы» номинациясын «Қыдық таймс» тобының мү­шесі Бекарыс Пернебаев иеленді.

«ТТ» ақапарат
01 желтоқсан 2021 ж. 536 0