Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Айтулы күннің куәсі болып отырмыз

Айтулы күннің куәсі болып отырмыз

Аудан тарихында 80 жылдан астам уақыттан бері өзіндік орны бар «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы мен үшін ыстық. Ақын болып қалыптасуыма, шығармашылығымды шыңдауға қам­қор болған редакцияда бүкіл ғұмырым өтті десем артық айт­қандық болмас.

Жалындаған жастық шағымда еңбек жолымды редакция­дан бастап, қаншама жаны жайсаң қаламгерлермен бірге қызмет атқарып, бүгінде құрметті зейнет демалысындамын.

Арада қанша жыл өтсе де редакцияның тыныс-тіршілігінен қол үзген емеспін. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық жұмысқа араластым. Жыл сайын неше мәрте басымызды қосатын редакция ұжымы арнайы ардагерлерге бөлме берді. Сонда ұжыммен кездесіп, өзара пікір алысып, редакцияның алдағы атқаратын міндеттерден хабардар боламыз. Газеттің қазіргі сапасында, мазмұнында да жаңашылдық бар. Таралымның да артуы, оқырмандардың ойынан шығатын ма­қалалардың жарыққа шығуымен байланысты деген ойдамын.

Ақпарат айдынында өзіндік орны бар аудан айнасының бү­гін қолымызға 9000-шы нөмірі тиді. Осындай тарихи кезеңді, айтулы күнді оқырмандармен бірге қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта газеттің жұмысына сәттілік ті­леп, ойлы оқырмандардың ықыласына бөленіп, алғыс ала бе­рулеріне тілектеспін.
Мұхтар САҚТАПОВ,
Қазақстанның Құрметті Журналисі,
«Сырдария ауданының Құрметті азаматы»
13 қараша 2021 ж. 490 0