Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз - өмір ғажайып

Есірткісіз - өмір ғажайып

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Еліміздің атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия – нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымдылығы сол, әрлі-берлі Қазақстан арқылы өтуде.


Есірткі сөзі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «narke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады.Қазақ елінің қаншама бейкүнә жандары, тепсе темір үзетін, нар тұлғалы ер азаматтары мен қазақ ұлтының анасы болатын қыздар да құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Көп адамдар ерік-жігерінің әлсіздігінен есірткіге елітіп, әзәзілге ереді, аз уақыт ішінде оған тәуелді болып, құрдымға кететінін де білмей қалады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.


Нашадан бұзылған қан, қайтадан қалпына келе алмас. Ата-бабаларымыз, нақ айтқан, не айтсада хақ айтқан! Жүйкені тоздыратын 7 нәрсе: «Олар еңбексіз жеген нан, некесіз болған жан, боямалы тән, нашадан бұзылған қан, темекенің түтіні, арақтың жұтымы, ақшалы ойынның ұтымы» деген. Міне, есірткі – ол адамның сана сезімін, жүйкесін, қанын бұзады. Нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды. Ата-ананың үмітін ақтамаған мұндай жандардың келешегі жоқ, оларда отбасы, бауыр, Отан деген ұғым болмайды.


Қазіргі жастардың көпшілігі кез-келген қиындыққа төзбей, не болмаса тоқшылықты, барды көтере алмай, есірткі деген уытты затқа үйірсектеніп, уақыттарын босқа өткізуде. Теріс жолға түсіп бара жатқанын ертерек түсініп, қоршаған орта мен айналасындағы достары, туған-туысқандарын, жақындарын бағалай біліп, игі істер жасаса, еліне қызмет етсе құба-құп.


Сондықтан есірткімен әуес болмай, салауатты өмір салтын ұстану керектігін мектепте оқушылардың санасына сіңіру маңызды. Мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, жамандықтан жиреніп, жақсы игі істер атқаруға шақыру. Адам өмірге келген соң, өмірдегі өз орнын тауып, басқаларға үлгі болуы керек. Еліміздің ертеңі, келер ұрпақтың болашағы үшін үгіт насихат жұмысын жүргізіп, Отанымызды көркейтуге ат салысу керек. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан өміріңді мәнді де, сәнді және мағыналы етіп өткізу керек.


Болашақта алдыңа мақсат қоя отырып, білім шыңын бағындырар тәрбиелі, ізденімпаз тұлға болып қалыптасу. Армандаған мамандық иесі болып, жарқын өмірге қадам басу керек! Қазақ елінің жастары салауатты өмір салтын ұстанған, мақсаты айқын, болашағы жарқын, тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып, елімізбен бірге гүлденіп, биік белестерді бағындыратын азаматтар болады деген сенімдемін! Есіркісіз – өмір ғажайып екенін ұғын! Алға қазақ жастары!!!

Қарақат Кәртаева, 
Сырдария ауданы,
Нағи Ілиясов ауылы,
132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің
8 сынып оқушысы, 
Қызылорда  ОІІД  ЕБҚҚІҚБ»
 тарапынан жарияланған байқауына

29 қазан 2021 ж. 285 0