Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі - грек тіліндегі "narke” сөзі «ұйқы» мағынасын, ағылшынша "narkotik” сөзі «ұйықтату», «жансыздандыру», «сезімсіздендіру» деген мағына береді екен. Ендеше, өзі аты айтып тұрғандай, «сезімсіздендіретін» затқа неге сонша үйір болушылар саны күн санап өсуде?

Сезімсіз болу – кеудесінде тынымсыз соғып тұрар жүрегі бар ақыл-ой, парасат иесіне жат нәрсе, дауасыз індет емес пе? Тіпті, қай жануарды алып қарасақ та, олар жұбымен өмір сүреді және өз отбасына жанашырлық танытады. Осыған қарап, жан-жануарда сезім жоқ деп айтуға ауыз бармайды.

Алла Тағала бізді ерекше сана мен парасат иесі етіп жаратса, сонда саналылығымыз тек сезімсіз болуға талпынумен шектеле ме?

Бұл есірткі - қазіргі дағдарыс заманында заңсыз жолмен болатын табысты бизнес көзі. Сонымен бірге біздің еліміздің қазба байлықтарына сұқтана қарайтындарға таптырмас қару десек те болады. Себебі, осы есірткі - халықтың ұлттық санасын жойып, отарға айналдыруға таптырмас құрал. Есірткі заттары ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік-күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қалыпты мінез-құлықтар мен әрекеттерден айырылады. Есірткіге тәуелді адамдар ашушаң болып, кейде өз анасын, болмаса отбасын танымайтындай хәлге түседі. Арты қылмысқа ұласып, орны толмас қайғыға әкеп соқтырады.

Есірткінің құрығына қалай түсіп қалғаныңды да сезбей қалуың мүмкін.

Жас дос, мынаны есіңе ұста:
- достарыңның адал, жаман әдеттен аулақ болуын қадағала;
- мода екен деп айналадағы адамдарға еліктеме;
- бір рет көрейін, сосын тастармын деген ойды ойлаушы да болма;
- есірткінің қаншалықты қауіпті екенін есіңнен шығарма.

Абай атамыз айтқандай, қашық болатын әдеттеріміздің саны бесеумен емес, онмен толықты десем де болады. Олардың қатарын нашақорлық, темекі, арақ, теріс ағым және террроризм толықтыруда.

Әйтсе де, бес асыл ісімізді, ұлттық құндылығымызды барынша дәріптеп, ата-баба үмітін ақтап, Қазақстанымыздың болашағын жарқын қылайық.

Болашақта Қазақ елін әлемге паш етуді т а л а п қылып,
Осы жолда аянбай е ң б е к етіп,
Қай істі бастарда т е р е ң і н е н о й л а п, саралап,
Барымызға қ а н а ғ а т етіп,
Алланың р а қ ы м ы н а бөленейік!

 
Ерболат
қызы Жания
№36 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы
#УПНДПКЗО
21 қаңтар 2021 ж. 410 0