Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Егістік жерлердің мелиоративтік жағдай

Егістік жерлердің мелиоративтік жағдай

Сырдария ауданындағы шаруашылықтардың инженер­лік жүйеге келтірілген жерлердегі дренаждық қашыртқы жү­йелеріне тазалау, жөндеу жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, басым бөлігінде көп жылдардан бері тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен техникалық көрсеткіштері жобалық талаптарға сай емес.

Бұған қоса, барлық тік қашыртқылардың істен шығуы да қиыншылықтар тудырып отыр. Соның салдарынан жерастылық ыза суларды егістіктен тыс жерлерге уақытылы тез шығара алмау­да. Топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының тұзданып сорлануына егістік жерлердегі жерастылық ыза сулардың жер бетіне жақын орналасуы себеп болуда. Жаз айларында егістікке су берілген кезден бастап жерастылық ыза сулар көтеріле бастайды. Күріш егілген алқаптарда жерасты сулары жер бетіне дейін көтеріліп егістікке берілген суарма сулармен қосылады. Тұздылығы жоғары минералды ыза сулардың жер бетінен 1 метрге дейінгі тереңдікте ұзақ уақыт жатуы топырақтың жоғарғы құнарлы қаба­ты­ның тұзданып сорлануына әкеліп соқтыруда. Бұл үшін ішкі қашыртқы каналдарын толық талапқа сай тазарту қажет. Ауылшаруашылық дақылдарынан заман талабына сай сапалы мол өнім алу үшін егістік жерлердің топырақ құнарлығын сақтап және дренаждық жүйелердің, ондағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысын жақсартудың маңызы зор.

Н.Сейтенов,
«Қызылорда гидрогеологиялық-
мелиоративтік экспедициясы» РММ
Сырдария ауданы бөлімінің басшысы
26 қазан 2021 ж. 485 0