Ұлы Жеңістің құрметіне аталған
Басылымның тұрақты оқырмандарына «Кент көшелері» айдары жақсы таныс. Сындарлы тарихтың қойнауына енген Тереңөзектің даму деңгейі көш ілгері алға басып келеді. Оған дәлел біз жазғалы отырған Жеңістің 50 жылдығы көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандар. Бұл көшеде әр жылдары шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіп иелері жергілікті халық игілігіне жұмыс жасауда. Негізінен, аталған көше 1995 жылы кент әкімінің №41 шешімімен Жеңістің 50 жылдығы мерекесі қарсаңында берілген.
Зұлмат соғыстың қияметін тартқан майдангерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Кескелескен жаудың бетірген қайтарған сырдариялық майдангерлер әрқашан құрмет төтірнде. Осыдан 26 жыл бұрын зұлматты соғыста жакештілік танытқан ардагерлер құрметіне көше атауы берілуі заңдылық еді. Өткен ғасырдың ең айтулы оқиғасын көзімен көріп, бастан өткерген соғыс ардагерлері қан майданды келер ұрпақ көрмесе екен деп тілейді. Қайта бейбіт күнде жеңіс көшесінің бойында тұрғындар қоныстанып, ұрпақ өрбіткенді қалайды.
– Сол бір күн менің әлі көз алдымда. Тереңөзек кенті әкімдігінің төрағасы қызметінде едім. Ұлы Жеңістің аяқталғанына 50 жыл толған сәт. Тарихи оқиғаның куәгері болған қариялардың қуанышында шек болмады. Бұрын Совет деп аталған көшенің тұмыс-тірішілігі көз алдымызда өрбіді. Жаңадан тұрғындар қоныстанып, көшеге жан бітірді. Ұлы Отан соғысының ардагері, батагөй ақсақал Яхия Тасыров көшеде серуендегенді ұнатады. Әркез Жеңістің 50 жылдығы көшесінен жолықтырып қаламыз. Сонда майдангермен өткенді саралап, көшенің қазіргі жаңдайына тоқталамыз, – дейді «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева.
Жеңістің 50 жылдығы көшесі кентегі Аманкелді Иманов, Дінмұхаммед Қонаев, Ғани Мұратбаев көшелерімен қиылысады. Мұнда 50-ге жуық үй орналасқан. 2018 жылы кезекті рет көшеге асфальт төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан бұл аумақ – кентті басты бөліктерінің біріне саналады. Көшені «Майжарма» су арнасы кесіп өтеді. Сондықтан тұрғындардың аяқ су мәслесін шешу мақсатында жол бойында қарықтар қазылған. Осыдан бірнеше жыл бұрын жеке кәсіпкер Несібелі Керейтбаева халықтық монша ашып, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсеткен болатын. Сөз басында айтқанымыздай көше кәсіпкерлік саласына бет бұрған жандар баршылық. Мәселен, соңғы 10 жылдықта «Болашақ» дүкені халық игілігіне жарап тұр. Ал арнайы фас-фуд орталығына көпшілік тез дайындалатын тағамдарға тапсырыс бере алады. Қыз-келіншектердің сұранысын қанағаттандыратын сұлулық салоны мен шаштараз қолжетімді бағада сан түрлі қызмет ұсынады. Ал «Herbalife» орталығында денсаулығына күтім жасайтын жандар тұрақты түрде бара алады.
Тереңөзек кентінде көгілдір отынға қосылған үйлердің саны артуда. Жеңістің 50 жылдығы көшесінде бірнеше үй газ құбырын орнатып, қысқа дайындықты бастап кеткен.
Балтабай Аябекұлы