Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлы Жеңістің құрметіне қойылған

Ұлы Жеңістің құрметіне қойылған

Сұрапыл соғыстың аяқталғанына – 76 жыл! Қан майданда зұлым фашизмге тойтарыс беріп, жер бетінде бейбітшілік орнағанына осынша жыл болды.
Десек те қаншама ана баласынан, аяулы жарынан, бауырынан айырылған соғыстың салған ізі өшпек емес. Ер жүрек батырлардың, Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Ұрпағына ашық аспан мен бейбіт өмір сыйлаған, майдангерлерге құрметіміз аласармақ емес.
Халқымызда осынау ұлық мерекенің қадір-қасиетін түсіну, оны келер ұрпаққа насихаттауға үлкен мән беріледі. Мысалы, Жеңіс күні дүниеге келген балаларына Жеңіс, Жеңісбек, Жеңіскүл деп есім береді. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы үрдіс. Елімізге танымал әншілер Жеңіс Ысқақова, Жеңіс Сейдоллаұлы, ау­дан­дық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңісбек Төрәлиев, «Шаған-Жер» ЖШС тө­рағасы Жеңісбек Сыздықов айтулы күні дүниеге келгендіктен осы есімді иеленген жандар.
Ауданның Іңкәрдария ауылында тұратын Жеңіскүл Өтеулиева да дүние дидарын 9 мамыр күні ашқан. Ардақты әжесі Айша немересіне Ұлы Жеңістің 30 жылдығы құрметіне осы есімді берген. Айдынды Аралдың Шөмішкөлінде туып-өскен Жеңіскүл 9 ағайынды. Өзінен кейін 3 сіңлісі бар. Мамандығы әскери қызметші Жеңіскүл тұрмыс құрғанға дейін Тасбөгеттегі әскери бөлімшеде әскери қызмет атқарған. 1996 жылы іңкәрдариялық Ілиястың шаңырағына келін болып түседі. Еңбектің қадірін білетін, өмір бойы Жер-ананы мәпелеген марқұм қайын атасы Жалғас Күншығаров пен енесі Шырынкүл ел-жұртқа өте сыйлы болған кісілер. Қазір үш баланың анасы, бір немеренің әжесі атанған замандасымыз Жеңіскүл ауыл мектебінде жұмыс істейді.
– 1975 жылдың 9 мамыр күні дүниеге келгенмін. Атам Шахар Ұлы Отан соғысының ардагері. Атамызды көзіміміз көрді. Жетпіс үшке келіп дүние салды. Жыл сайын Жеңіс күнін отбасымызда асыға күтетінбіз. Атамызды құттықтап, ағайын-туыс жиналады. Сонан соң мені бәрі туған күніммен құттықтайды. Қазір де солай. Қайын жұртым алдымен Ұлы Жеңіспен құттықтап, сонан соң туған күнім аталады. Әрине, өте орынды. Адамзат баласына қаншама төгілген қанмен келген Жеңіс күнінің маңызы біздер үшін өте ерекше. Сондықтан оның қадір-қасиетін ұрпағымызға да ұғындырып отыру парызымыз, – дейді Жеңіскүл Серікбайқызы.
Иә, адамзат тарихында жойқын соғыстың Жеңіспен аяқталғанына биыл 76 жыл болды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен бір қадам артқа жыл­жымаған жауынгерлердің ерен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Бибісара ЖАНӘЛІ
07 мамыр 2021 ж. 605 0