Тарихы терең көше
Қырық мыңға жуық халқы бар аудан Сырдария өзенін жағалай орналасқан. Сол себепті де іргелі ауданның аты тіршілік нәрі болған өзеннің атымен аттас. Аудан орталығы – Тереңөзек кентінің бір көшесі де осы ауданның, өзеннің атын айшықтап тұр. «Кент көшелері» айдарында осы көшеге тоқталып өтеміз.
Жалпы, аудан тарихы 1928 жылдан бастау алатыны мәлім. Сол жылы Қызылорда округі құрамында Қараөзек болып құрылып, кейін 23 маусымда «Тереңөзек ауданы» деп аталды. Тәуелсіздік жылдарына дейінгі уақытта аудан бірнеше мәрте таратылып, қайта құрылған. Атап айтқанда, 1934 жылы аудан тараса, 4 жылдан кейін Қызылорда облысының бір ауданы ретінде қайта құрылады. Ал 1963 жылдан бастап Қызылорда облысының «Оңтүстік Қазақстан аймағы» құрамына енуіне байланысты ауданның елді мекендері сол кездегі Сырдария және Қармақшы аудандарына бөлініп беріліп, аудан таратылыпты. Ал бір жылдан соң облыстық жұмысшы депутаттар кеңесінің қаулысымен қайта құрылып, аудан орталығы Тереңөзек қыстағы болған.

Егемендік алғаннан кейінгі жылдары, яғни 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Тереңөзек ауданы «Сырдария» деп аталды. Ал «Тереңөзек» атауы аудан орталығына беріліп, кент ретінде сақталды. Содан бері Сырдария ауданы дамудың даңғыл жолына түсіп, көркейіп келеді.
Кенттегі Сырдария көшесі бұрыннан бар. 2011 жылғы 7 шілдедегі аудандық ономастикалық комиссияның №2 ұйғарымымен бұл көше қайта аталған. Аудан орталғындағы ең қысқа көшелердің қатарына жатады. Ұзындығы – 650 метрді құрайды. Аталған көше Қ.Қазантаев көшесінен бастау алып, М.Әуезов және Жеңістің 50 жылдығы көшелерімен қиылысады. Көше бойында бірыңғай тұрғын үйлер орналасқан. Ал әлеуметтік нысандар қатарында көше басында дүкен мен дәріхана бар.
Жоғарыда айтқандай, бұл көше аудан атын айшықтап тұр. Алыптарға алтын бесік болған өлкемен аттас көшеде тұратын тұрғындар мақтан ететіні сөзсіз.
Ердос БЕРКІНБАЕВ