Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Пада ұйымдастырудың пайдасы көп

Пада ұйымдастырудың пайдасы көп

Заман тынысы кеңейіп, қоғам дамыған сайын жаңа талаптар мен қажеттіліктер туындайды. Сон­дай жаңа талаптардың бірі де бірегейі – пада ұйым­дастыру. Паданың ұйымдастырылуы аудан орта­лығының таза, жинақы болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ мал ұрлығы қыл­мыс­тарының алдын алуға септігін тигізеді. Ең маңыздысы, пада ұйымдастыру арқылы мал иелері айыппұлдар мен мәселелерден құтылады.

Тереңөзек кентінің әкімдігі мал иелері үшін аса маңызды ақпараттарды ұсынып, тұрғындардың бір­қатар ескертпелерге назар аударуын сұрайды. Бұл жұмыстар аудан әкімінің тапсырмасын орындау жә­не аудандық прокуратураның ұсынысын жү­зе­ге асыру мақсатында қолға алынуда. Жергілікті әкімдік аудан орталығының жинақы және иесіз жүрген малдардан таза болуын басты назарда ұстайды.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтар­дағы «Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекен­дердің ше­ка­ралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту» туралы №28 бұйрығы бар екенін атап өткеніміз жөн. Аталған бұйрықта жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстаудың ветеринариялық мал ұстаудың ветеринариялық нормативтері бекітілген. Онда ірі қара, яғни сиыр малын ұстау үшін 35,8, жылқы, бие үшін 38,4, ал аналық ешкі үшін 11,7 және аналық қой үшін 11,7 шаршы метр қажет екені белгіленген. Осыған байланысты Тереңөзек кентінің тұрғындарынан малдарды қора-жай­лар­да ұстау жұ­мыстарын аталған бұйрыққа сәйкестендіруді және пада ұйымдастыру­ларыңызды сұраймыз.

Біз бұған дейін де иесіз жүрген малдарға қандай да бір шара көрілетінін хабарлаған болатынбыз. Бұл аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында да көтеріліп, депутаттар кентте иесіз босып жүрген малдардың иелеріне айыппұл салу мә­селесін шешуді ұсынған болатын. Расын­да да аудан орталығындағы не­гіз­­­гі көшелерде, қоғамдық орындар­­­да малдардың қоршаған ортаны лас­­тауы көбейіп кетті. Осыған байланысты біз заң­на­малық тұрғыда зерттеп, зерделеп, аудандық полиция бөлімімен бірге кешенді іс-шараларды қолға алғанды жөн көрдік. Яғни, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235 Кодексінің №505 бабының 1-тармағында ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма (елу сегіз мың үш жүз қырық теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға болады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз (сексен жеті мың бес жүз он теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Айыппұлдардың мөлшерін аудан тұрғындарының назарына ұсынып, тез арада Тереңөзек кенті үшін маңызды жұмысқа жауапкершілікпен қарауды сұ­рай­­мыз.

Тереңөзек кентінің әкімдігі
28 тамыз 2021 ж. 964 0