Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Той тарқатылды

Той тарқатылды

Газетіміздің өткен санында карантин талаптарын сақтамаған сырдариялық жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2 млн 348 мың теңге айыппұл өндірілгенін жазған болатынбыз. Мониторингтік топ мүшелерінің рейдтік тексерісі барысында бұл көрсеткіш тағы да артты. Нақтырақ айтқанда, карантин талаптарына бағынбай, қыз ұзату рәсімін ұйымдастырушылар анықталды.

Мониторингтік топ мүшелері Тереңөзек кентінің М.Мәметова көшесіндегі думанды тойдың «үстінен түсті». Қыз ұзату рәсімін ұйымдастырушылар карантин талабы бойынша жиын-той өткізуге рұқсат етілмегенін естісе де рейдтік тексерістің келетінін күтпепті. Той иелері ақталып, қарсыласуға тырысқанымен мониторинг топ мүшелері қаулы талаптарын түсіндіріп, заң аясында шешім қабылдады.

– Санитарлық нормаларды сақтау – коронавируспен күресте маңызды шарт. Тұрғындарға карантин талаптары жергілікті газет пен әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы түсіндіріліп, насихатталуда. Алайда, ортақ талапқа бағынғысы келмейтіндер көп. Мониторингтік топ мүшелері заң аясында шешім қабылдап, тағы бір той тарқатылды. Той иелерінің түсініктері алынып, әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл төлеген абырой емес. Өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін оқшауланып, адам көп шоғырланатын аумақтарға бармауымыз қажет, – дейді №2 мониторингтік топ жетекшісі А.Мырзахметова.

«ТТ» ақпарат
17 тамыз 2021 ж. 322 0