Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 736 заңбұзушылық анықталды

736 заңбұзушылық анықталды

Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың 5 шілдесінен бастап мониторингтік топ бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 736 заңбұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыру және қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік сауда үйлеріне қатысты тіркелген. Оның ішінде, 722-і жеке тұлғаға, 14-і жеке кәсіпкерлікке қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.

Атап айтқанда, 257 дерек маска тағу ережесін бұзған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған, 58-і жұмыс жасау уақытының шектелуі, 29-і тыйым салынған нысанның қызмет көрсетуі, 14-і залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша бұзушылық орын алды.

29 қазан 2020 ж. 415 0