Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Айыппұл арқалаған абырой емес

Айыппұл арқалаған абырой емес

Карантиндік шектеу талаптары жеке және заңды тұлғаларға нақты міндеттер мен жауапкершілік жүктейді. Бұл былтырдан бері айтылып, талқыланып, тиісті шаралар қабылданып келе жатқан тақырып. Осы ретте шектеу шараларына назар аудару, тиісті талаптарды сақтау аудан әкімінің де тікелей назарында.

Бұған дейін аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістерде сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Соның нәтижесінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, жұмыстар күшейтілді. Түсіндірме жұмыстары да жергілікті газет пен әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы кеңінен жүргізілуде. Бірақ, салғырттық пен немқұрайлылыққа жол беретіндер әлі де кездесуде. Бұл өзіміз үшін де, өзгелер үшін де қауіпті.

Заң бойынша карантин талаптарын сақтамаған және бұзған жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салу қарастырылған. Айыппұл салу құқық қорғау органдары мен соттың құзіретіне берілген. Ал мониторингтік топтар рейд жүргізіп, тиісті ақпаратпен қамтамасыз етуде. Осы орайда айыппұл арқалау абырой емес екенін айтқым келеді. Оның орнына талапқа бағынып, бетперде киіп, арақашықтық сақтап, той-жиынды, асты кейінге шегеруіміз қажет. Сонда ғана қауіпті індетті жеңіп шығамыз.

А.МЫРЗАХМЕТОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы,
№3 мониторингтік топ төрайымы
06 сәуір 2021 ж. 552 0