Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 2 348 185 теңге айыппұл өндірілді

2 348 185 теңге айыппұл өндірілді

Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес қауіпті індетпен күрес жұмыстары ауданда күшейтілді. Бүгінде аудан бойынша 16 мониторинг топ құрылып, күнделікті жұмыс істеуде. Топ мүшелері жыл басынан бері 500-ден астам рейдтік тексерулер жүргізіп, нәтижесінде карантин талаптары бұзылған 47 іс анықталды.

Рейд қорытындысында 48 айыппұл (той өткізу – 17, сауда дүкендеріндегі талаптың сақталмауы – 17, қоғамдық тамақтану – 8, ас беру – 1, көкпар ұйымдастыру – 1, жиын өткізу – 3, компбютерлік клуб – 1) салынып, барлығы өндірілді.

Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 30 АЕК, яғни 87 510 теңге болса, заңды тұлғалар үшін 230 АЕК, яғни 670 910 теңгені құрайды). Жалпы өндірілген айыппұл мөлшері – 2 348 185 теңге.

Атап өту керек, ауданның кез келген тұрғыны мониторингтік топ мүшелеріне карантин талаптарының сақталмау дерегі бойынша ақпарат ұсына алады. Ол үшін төмендегі байланыс нөмерлеріне хабарласуға болады. Ақпарат ұсынушы туралы мәліметтер құпия сақталады.

№1 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны – 87075130303;
№2 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны –87023069661;
№3 мониторингтік топ жетекшісінің ұялы телефоны – 87012128265.

12 тамыз 2021 ж. 319 0