Екпе қабылдаудан қорқудың қажеті жоқ

Тұрғындар арасында вакцинацияға қарсы күмәнді пікір таралып жатқанын білеміз. Әрине ол заңдылық та шығар. Әдепкіде жұрт ауруға қарсы вакцина табылмады, сол себепті де осынша адам шығыны болды деп дүрліксе, қазір вакцина бар кезде тағы да сенімсіздік пайда болды. Мұның бәрі дұрыс емес. Біз сала мамандарының айтқанына ғана құлақ түруіміз қажет. Бос сөзге, дәлелсіз ақпараттарға сенбеуге тиістіміз.
Жалпы вакцина қабылдаған адамда індетке қарсы иммунитет қалыптасатыны бесенеден белгілі. Сондықтан екпе қабылдаудан қорқудың қажеті жоқ. Қайта ағзамызды қажетті иммунитетпен шынықтырып, әлсіздіктің алдын алуда дәрумендер қабылдасақ дұрыс болады. Дәрігерлердің кеңесіне құлақ ассақ, өз денсаулығымыздың өз қолымызда екенін ұмытпасақ, онда жағдайдың ушықпасы анық. Өйткені бірлесіп пішкен тон келте болмайтыны секілді жұдырықтай жұмылып, індетке қарсы тұрсақ, бір нәтижеге жетерімізге сенемін.
Муса КЕЛДІБАЕВ,
Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы