Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Аңыз ақын

Абай – алты Алаштың ардақты ақыны. Аңызға айналған Абай ақын адалдықтан алыстамай адамзат алдындағы аманатын ақтаған ақын. Ақын ақылды азамат атануды армандаған. Ақылын аямаған ата-анасына алғысын айтқан Абайдан асқан ақын аз.

Абай ауылы ару Алматыдан алыс. Аталған ауылдың ақылшы ақсақалдары ауылдың алты ауызын айтады. Адамдары арманшыл ауылдың абаттанғаны анық аңғарылады. Арқасүйер азаматтары ақылды, айбарлы, айбынды, айбатты. Ал аққудан айнымайтын аққұба арулары арлы, адал, ажарлы. Ауыл азаматтары ата-аналарын алақанында аялайды. Ауылдың абзал адамдары ақпанның алғашқы аптасында Абай ақынға «Айдын» асханасында ас арнады. Ауылдың ақсақалы Асқар ата асылған астан ауыл-аймаққа асатты.

Алты Алаш атақты ақын Абайды ардақтайды. Айталық, Астана, Ақмола, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Арқадағы Абай атындағы алаңдар алты Алаштың ақынды ардақтайтынын айшықтайды. Ауданымыздағы Ақжарма ауылындағы адамгершіліктің, ақылдылықтың, ағарту­шылықтың алтын арқауы ақындардың ардақтысы Абайдың атымен аталады. Адамзаттың алыбы атанған Абай – абыз, аңыз ақын. Асылында, Абайды ардақтау – абырой, аманат.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 
03 тамыз 2021 ж. 944 0