Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУРУҒА ҚАРСЫ ТҰРАР АҒЗАМЫЗ

АУРУҒА ҚАРСЫ ТҰРАР АҒЗАМЫЗ


Елбасының Жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында ана мен баланың саулығы жайлы жиі айтылады. Қазір түрлі діни наным-сенім жетегінде жүрген адамдар балаларына екпе салдырудан бас тартуда. Соның салдарынан да балалар арасында түрлі дерттің көбеюі қоғамды алаңдатуда. Осыған байланысты аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің фтизиопедиатры А.ИбраЙмовадан балалар арасында туберкулез ауруының таралуы, емделуі, күтінуі жайлы айтып беруін сұраған болатынбыз.

Туберкулез-дүние жүзіне кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурумен балалар қалай зақымданады?
1. Жөтеліп жүрген ересектер арқылы жұғады. Науқас жөтел уақытында сыртқы ортаға көзге көрінбейтін көптеген ұсақ туберкулез таяқшаларын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метр­ге дейін шашырайды. Ең кауіптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уакыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, шаңға араласып көтерілгенде, дем алған сау адамның өкпесіне енеді.
2. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін шикілей ішкенде, жұмыртқаны пісірмей жегенде жұғады.
3. Тері арқылы жұғады. Туберкулез таяқшасы үшін зақымдалған тері бездері болып табылады, егерде терінің тұтастығы бұзылса инфекция тері ішіне өтіп, регионарлы лимфа түйіндерінің зақымдануына әкеледі. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім кешегінен, кір қолынан және баланы сүйген кезде жұғады.
Балалардағы туберкулезден қалай күмәндануға болады?
Ол үшін төмендегідей белгілерге назар аудару керек:
1. Дене салмағын қосуының кідірісі, төрт апта және одан да көп уақытқа салмағын жоғалту;
2. Әлсіздік және дене салмағын 2-3 айдан да көп жоғалтуы;
3. Осы жоғарыдағы екі белгіге ентігу мен жөтелдің қосылуы,көкжөтел тәріздес сипат алуы;
4. Бір аптадан көп себебі белгісіз қызбалану мен дене қызуының көтерілуі;
5. Осы белгілерге қоса сұйықтық белгісінің болуы, яғни кеуде клеткасын перкуссиялаған кезде тұйыкталудың анық­талуы;
6. Ішінің кебуі, пальпациялаған кезде түзілістің анықталуы;
7. Созылмалы іш өтудің болуы;
8. Қозғалыстың шектелуі мен омыртқа бүкірінің анықталуы;
9. Кез-келген сүйек және буында жарақатқа байланыссыз ісіктің анықталуы;
10. Бір немесе бірнеше лимфа түйіндерінің ауырсынусыз ұлғаюы;
11. Бастың ауруы, тітіргенгіштік, құсықтың болуы, бұлшық еттеріндегі әлсіздік, шүйде, омыртқа регидтіліктерінің анықталуы.
Балалардағы туберкулездің клини­калық белгілері көбінесе жоғарыдағы көріністермен байқалады.Жиі балаларда кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезі,алғашқы туберкулез кешені, өкпелердің шоғырлы туберкулезі және туберкулезді менингит кездеседі. Бұларды бір-бірінен тек қана рентгенологиялык тексеріс жүргізу барысында жақсы ажыратуға болады.
Ал, туберкулезді менингит кезінде ересектердегідей балаларда да барлық менингиалды симптомдармен қатар құсу, лоқсу, басының айналуы, дене қызуының көтерілуі т.б белгілермен көрінеді.Тубер­кулезді менингит анықтамасы жұлын-ми сұйықтығынан туберкулез таяқшалары табылуы арқылы нақтылана түседі.
Туберкулезден балаларды қалай сақтауға болады?
1. БЦЖ вакцинасын егу. БЦЖ вакцинасын алғаш рет перзентханада 0-4-ші күндері, кейін 1-ші сыныпқа барғанда, яғни 6-7 жасында қайталап егеді. Бұл бала организмін 5-6 жылға дейін туберкулез таяқшаларына қарсы тұрып, онымен ауырмауына әкеледі.
2. Манту сынағын қою. Ол туберкулез ауруына кауіп тобына жататын балаларды тексеру кезінде, туберкулезге қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізер алдында, туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдерге жүргізіледі.
Егерде манту сынағының нәтижесі оң болса, инфильтраттың мөлшеріне сәйкес, дұрыс ауру анықтамасы қойылып, болашақта бала туберкулезбен ауырып қалмауы үшін 6 ай бойы химиопрофилактикалық ем жүргізіледі, оны жүргізу туберкулезге рекомбинантты аллерген сынамасының нәтижесіне байланысты жүзеге асырылады және ем алған жағдайда міндетті түрде кем дегенде 3 айын балаларға арналған шипажайдан ішуі керек.
Сонымен қатар тазалық сақтау, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, жаттығулар жасау, яғни салауатты өмір салтын ұстану туберкулезбен ауырмауға әкеледі.
Өмірге келсе баламыз
БЦЖ оған саламыз
Иммунитет қалыптастырып
Ауруға қарсы тұрар ағзамыз.
Ауруды ерте анықтап,
Іріктеу үшін балаға
Манту және Диаскин
Салынатын сынама .
Оң болып жатса қолы ісіп,
Тексереміз іріктеп,
Организмде жұқтырып,
Таяқшалар табылса
Емін біздер береміз,
6 ай ішуі керек деп.
Ұйқы,тамақ,кеудеңде
Болып жатса өзгеріс,
Түнде терлеп, әлсіздік
Ұласып жатса жөтелге
Маманға бар кідірме
Жасатқын тез тексеріс.
Жылына келер бір рет
Флюораға түсейік
Ішімдіктен аулақ боп
Ағарғанды ішейік
Спортпенен шұғылдан,
Тынысыңыз ашылар.
Өзіңменен қасыңа,
Досыңды да қосып ал.
Стресстен арылып,
Шаршағаның басылар.

А.Ибраймова,
фтизиопедиатр
17 наурыз 2018 ж. 1 258 1

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 11:41
Levaquin With Doctor Consult where to buy cialis online safely Prednislone Next Day Viagra E Ictus El Cialis Se Puede Mezclar Con Alcohol