Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Індеттің алдын алайық

Індеттің алдын алайық

Тереңөзек кентінің тұрғыны Құдайберген Үсенбаев өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе салдыртты.

Оның айтуынша, вакцинаға қатысты әр түрлі пікір бар. Соған қарамастан тұрғындар шешімді өзі қабылдауы қажет деп есептейді.

- Вакцина салғызу алдында бірнеше құжатты толтыруға тура келді. Содан кейін аудандық аурухана қызметкерлері қарап тексеріп, вакцина салды. Соңынан жарты сағат үйге жібермей, денсаулығымды бақылауға алды. Жалпы өзімде ешқандай қорқыныш болмағандықтан, ауырсыну секілді теріс ықпалдар байқалмады. Медицина қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз. Екпе алғаннан кейін денсаулық ахуалымда қандай да бір өзгерістер сезілмеді. Әрине, вакцина салдырмай болмайды. Онсыз карантин елімізде тұрақты жалғаса беруі мүмкін. Дегенмен, азаматтар өз бетінше вакцина қабылдағаны жөн. Себебі ол үшін өзінің және айналасындағы жақындарының денсаулығы бәрінен қымбат болуы тиіс. Қарқын алған дерттің алдын алудың жалғыз жолы – жаппай вакцина салдыру екендігін түсіндім,- дейді кент тұрғыны Қ.Үсенбаев.

26 шілде 2021 ж. 439 0